Қараусыз қалған Қарт көңіл! Қала,Көше келемін жаяу жүріп, Көңілде жоқ ешқандай қаяу күдік, -Бұл қалаға келемін арасында, Сондықтанда шарладым баяу жүріп! --- Енді жеттім базардың маңындамын, Сәл кідірдім тоқтадым дамылдадым, Өз өзімнен қуанып тұрмын іштей, Сағынғаным соншалық сағынғаным! --- Жат емесқой сірада осы мекен, Артық емес көңілдің хошы десем, Жүріп келе жатқанда қақ алдымда, Қолын жайып "бір кісі" отыр екен!! --- Байқамаған адамдай өте бердім, Азаматы секілді бөтен елдің, Мән бермеген адамдай алыстадым, Қызығымен қызықтап көшелердің! --- Тас жүрек,болар мекен адам қатты! Бүнінгі күн жайлығой маған жақсы, Бірақта ол кісіні көрген кезде, Болашағым меніңде алаңдатты! --- Көп ойланып басымды қатырғаным, Сан сұрақтар келеді басымда мың, Ақыры кері қарай бұрылдымда, Сол кісінің маңына жақындадым! --- Қарт кісі маған қарап қйылғанды, Шүкір етіп отырғой бұйырғанды, Бердімде кете бардым күңіреніп, Қалтамдағы артылған тиындарды! --- Бет әлпеті қартаңдау кісілердей, Жан бама деп отырғой түсінердей, Жылжып-жылжып қояды орынынан, Тұрып жүріп кетуге күші келмей,! --- Жөтеледі дауысы қарлығып жүр, Маңдайыңа жазылған тағдырың бұл, Немересін көтеріп жүрер жаста, Тйын сұрап көшеде қаңғырып жүр! --- Өр басында, Өмірдің бар азабы,, Қарт көңілі жүдейді қажалады,,,, Бұл кісінің сірада барма дедім!? Шаңырағы,отбасы,балалары! --- Болса бала қайда жүр келмейдіме,!? Әкесінің жағдайын сезбейдіме,!? Бетін әрі,тап бүгін өліп кетсе ! Көшедегі адамдар жерлейдіме?! --- Ей Өмір-ай,бұлда бір азабыңда, Аяқталып барады жазарымда, Осындай бір жағдайға көзім жетті,! Үлкен қала,қаланың базарында!! --- Ағайындар,жақсың бар жаманың бар, Кезі келер қартаяр заманың бар, Айна алдында мың мәрте қарағанша, Бір сәтке айналаға қараңыздар!!!! __________________________________ Авторы: Айса Ерлан, Оқыған: Абақкерей Нұғыман! 11/12/16/ ж! Өз Өмірімнен алынған!

Теги других блогов: поэзия көңіл Қарт